«СНК-Жоба» компания туралы
«СНК-Жоба» ЖШС - бұл жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс жеке сараптамасы.
"СНК-Жоба" ЖШС негізін қалаушы, директоры Қасымхан Сакимов:
"Мен 2012 жылы "СНК-жоба" сараптамалық орталығын құрдым. Оның атауы менің ұлымның аты –жөнінің бас әріптерінен тұрады - Сакимов Нұрсұлтан Қасымқанұлы.
"СНК-Жобаның" алғашқы ірі нысаны-ол шіркеу болды, тапсырыс беруші - діни қызметкері (шіркеу әтиі), осылай компанияның жұмысы қызықты бола бастады. Шіркеу қағаз жүзінде сараптамадан өтті.
4 жылдан кейін Қазақстан сараптамасында үлкен өзгерістер болды. 2016 жылы сараптамалық орталықтар аккредиттеліп, Қазақстанның сараптамалық ұйымдар Палатасы құрылды. Осылай, сараптама орталықтары жобалық-сметалық құжаттаманы epsd.kz портал арқылы электронды түрде тексере бастады.
Дәл осы уақытта СНК-Жобаға "БК-СТРОЙ" ЖШС сияқты ірі клиенттер келе бастады.
Компания айтарлықтай қарқынды дамыды. Жылына 200-ге жуық қорытынды жасалып шығарылатын болды.
Қазіргі таңда "СНК-Жоба" сараптама орталығы Қазақстанда көшбасшылық ұстанымға ие:
- Біздің компания Қазақстан нарығында 10 жыл.
- Осы уақыт ішінде 2500-ден астам сараптама қорытындысы жасалып берілді.
- Барлық бөлімдер бойынша сарапшылардың штаты толық.
- Біз Қостанай облысында 1-ші нөмірдеміз!
Біздің жұмысымыздың басты мақсаты-болашақ ғимараттың немесе құрылыстың берік тұруы, ұзақ уақыт қызмет етуі және мақсатына сай жұмыс істеуі. Ол үшін "СНК-Жоба" ЖШС штатында әрбір қажетті бөлім бойынша 11 сарапшы еңбек етеді.
Біздің тұрақты клиенттеріміздің арасында: "БК-СТРОЙ" ЖШС, "Баян Сұлу" АҚ Қостанай кондитерлік фабрикасы, "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС, "Жас-Қанат 2006" ЖШС, "Лидер-2010" ЖШС, сенімді құрылыс салушылары: ЖК "Айткужинов", ЖК "Несембаев".
2019-2020 жылдары 70-тен астам мемлекеттік нысан сараптаманы СНК-Жобада өтті. Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласындағы веложолдар мен абаттандыру, Қостанайдағы шаңғы базасы, Алматы қаласындағы студенттерге арналған жатақханалар, Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі стадион және тағы басқалары".
"СНК-Жоба" сертификаттары